П дыбысы мен әрпі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
Рейтинг: 8,7 / 10 - Голосов: 9
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: П дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: П дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген оқу мен жазуды үйрету, П дыбысы келетін жаңа сөздерді үйрету арқылы оқушылардың білімін, тілін дамыту.
2. Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік:, Сауатты қатесіз әрі таза жазуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Табиғат көрінісі» плакаты, аңдар бейнелері, кеспе әріптер, ойынға қажетті құралдар,

Пәнаралық байланыс: математика, тіл дамыту .
Әдісі: ойын, сұрақ - жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
- Бүгінгі күн шуақты, осы шуақты күннің жылуын өз бойымызға аламыз, бір - бірімізге, айналамызға таратамыз. Осы жылулықпен сабағымызды бастаймыз.
Ерте - ерте, ертеде алыс - алыс жерлерде «Ғажайыптар» мекені болыпты. Ол мекенде неше түрлі аңдар болыпты. Олардың бәрі бір үлкен сиқырлы ағашты күзетеді екен. Ал ағашқа тек білімді адамдар ғана жақындап, жемісінен дәм тата алады екен. Бұл ғажайыптар мекені қазіргі кезде де бар екен, біз бүгінгі сабағымызда сол сиқырлы ағашқа барып, өз білімімізбен жемісінен дәм татсақ қайтеді?! Бірақ бізге аңдар кедергі келтіруі мүмкін, ал білімімізді көрсетсек олар бізді жібереді, тіпті жол көрсетеді. Олай болса сапарға шығайық.

Шумақ өлең айту.
Саяхатта бүгінгі,
Күннің нұры төгілді.
Аңдарменен дос болып,
Көрсетеміз білімді.

Жұмбақ шешу.
Тұрады ылғи сөреде,
Іші толған өнеге.
Кітап бізге жол көрсетеді.

1 - тапсырма. Кітаптың тапсырмасы.
Өткен сабаққа шолу жасау, сұрақтар қойылып, жауап алу.
- Дыбыстар деген не?
- Әріптер деген не?
- Дыбыстар неше түрге бөлінеді?
- Өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық?
- Т дыбысы мен әрпімен таныстық.

Т дыбысынан басталатын сөз ойлау, буынға бөлу , дыбыстық талдау жасау.
Тақтаға суреттегі заттың атын айт, дыбыстық талдау жасау, ауызша сөйлем құрау.
№1. Суреттегі заттың атын айт, дыбыстық талдау жаса. Сөйлем құрап айт.
Жұмбақ шешу.
Тік жардай түсті,
Шұбатылған Тұмсығы күшті.
Таситын жүкті, Бұл қандай мықты?
(Піл)

2 - тапсырма Пілдің тапсырмасы.
Төмендегі сөздерді буынга бөлу.
Піл, орман, аң, құс, бұлақ, қарға.
Жұмбақ шешу.
Қырда жүрер ол жортып,
Іні де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып,
Қандай аң ол алдайтын? (Түлкі)

3 - тапсырма. Түлкінің тапсырмасы.
Тақырыптағы сөзді шығару үшін өрнектердің мәнін тауып, соған сәйкес әріпті шығару.
2+1
2+2
6+1
3+2
4+2
3 --- 5 -- 4 --- 6 -- 7
К --- і --- р --- п -- і
Кірпі сөзі. Жаңа тақырып.
Жұмбақ шешу.
Тұмсығынан торайдың,
Тұмсығы бар аумаған.
Үстін түгел орайтын,
Тоны ине қаулаған. (Кірпі)

4 - тапсырма. Кірпінің тапсырмасы
Піл, партаның суреттерін көрсет айтқызу, п дыбысының сөздің қай жерде тұрғанын тапқызу.

П дыбысы - дауыссыз дыбыс.

Кітап ,парта ,пияз сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

Хормен - па,-по,- пе, пу буындарын айтқызу.
Сергіту сәті. «Бұғының үйі» қимылмен көрсету.

Жұмбақ шешу.
Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді.
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғары өрлеп кетеді. (Ақтиін)
5 - тапсырма. Тиіннің тапсырмасы.
«Кім шапшаң» ойыны

П дыбысы сөздің ортасында және аяғында кездесетін екі - үш буыннан құралған сөз ойлату.
Жұмбақ шешу.
Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол краны.
Оны сен де танып ал
Серейіп кеп тұрады. (Керік)
6 - тапсырма. Керіктің тапсырмасы

Жазба жұмысын жүргізу. Тақтаға П әрпінің баспа түрін жазып көрсету, ауада жазу. П әрпін екі жолға жазу.
П әрпі келетін сөздерге мысалдар ойлату.
Суреттерден п әрпі кездесетінін табу.

Алма, апельсин, банан, шие, құлпынай, құрма, алмұрт.
Сөздерді буынға бөлу.
Сабақты қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта не туралы өттік? Нелермен таныстық?
Жемістердің ішінен кірпінің алма жемісін алып, тарату. Балаларды марапаттау. Білім туралы өлең шумағын хормен айту.
Бұл сабақта бүгінгі Күннің нұры төгілді.
Аңдарменен достасып,

Көрсеттік біз білімді.





если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После чего скачивание начнётся автоматически!

Кнопки: