Ашық сабақ Тақырыбы: ' Үй жануарлары мен оның төлдері'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті.

Мативациялық қозғаушы

Іздену ұйымдастыру

Сергіту сәті:

Трек сызба арқылы


Дидактикалық ойын

Қорытынды


Мадақтау әдісі


Балалар,біз бәріміз шеңберге тұрып,жылулық сезімімізді айтып шығайық

Балалар, біз бүгінгі сабағымызда үй жануарларымен және олардың төлдерімен танысамыз.

-Балалар,қарандаршы мына суретте нелер бейнеленген?

-Бір сөзбен айтқанда үй жануарлары дейміз,үйде ұстағандықтан,баққандықтан үй жануарлары дейміз.

-Балалар үй жануарларына не жатады?

Ен алдымен сендерге мен сұрақ қояйын,жауап беріңдерші.


-Біз шәйіміз дәмді болу үшін оған не қосамыз?

-Сендер сүтті,қаймақты,айранды жақсы көресіндерме?

-Сүттен не жасайды балалар?

-Міне,балалар үй жануарларының бірі сиыр ол бізге сүт береді,қаймақ жасалады екен,ал етті де тамақ,болады екен,сиырдың төлін не деп атаймыз?

-Қарандаршы кіп-кішкентай,әп-әдемі бұзауды көріп тұрсындар.


Ал сиырды қалай шақырамыз?


-Балалар,сендер сиыр туралы жақсы біледі екенсіңдер.Енді жылқы туралы не білер екенсіңдер,біз соны айтайық.Халқымыз жылқы малын өте бағалаған.Себебі мінсе-көлік,ішсе-сүт (қымыз),еті тамақ.Жылқы малымен халқымыз әр-түрлі жұмыстар,ұлттық ойындар-бәйге,қыз қуу,көкпар ұйымдастырған

Біз жылқының төлін «құлын» деймыз.

-Біз жылқыны қалай шақырамыз?


Енді балалар,сиыр,жылқы малына қарағанда түйенің дене құрылысының ерекшелігіоның арқасында екі тауы бар.Түйенің сүті шубат деп атаймыз.Оның жүні өте пайдалы.Түйенің төлін -бота деп атаймыз.

-Түйені біз қалай шақырамыз?


Ал мнау балалар қой.Қойдың пайдасы көп.Етін жейміз,сүтін ішеміз,жүнінен әр-түрлі киімдер тоқылады.Әжеміз көрпе жасайды.Қойдын төлін- «қозы» деп атаймыз.

-Қойды қалай шақырамыз?

Тербеледі ағаштар,

Жел еседі алдымнан

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі!


Балалар үй жануарлар байланысы кім мақал мәтел,тақпақ біледі?


Балалар біз сиырға,ботаға арнап мақал-мәтелді жасырдық,ал енді қазір сендермен «құлынға» арнап тақпақ жаттайқ.

Осы суретке қарап,менмен бірге жаттаймыз.


Балалар қазір ойын ойнаймыз «Төлін тап»

Ал енді мен сендерге дайындаған слайд көрсетем.Мұқият тындап қараймыз.


Балалар мен сендерге қазір жұмбақ жасырам,сендер жауабын табындар.

-Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.


-Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар.


-Өзі жап-жас,мұрты бар

Үт пен сүтке ұмтылар

Тастамайды жылы үйді

Түкті тонын шұп-шұбар.


Жарайсындар балалар,білесіндер екен.Балалар сендер аналарынды жақсы көресіндер ме?

-Үй жануарлар да өздерің төлдерін жақсы көреді.

-Сендерін аналарыныздар төлдерін аттарымен еркелетема? (ботақаным,құлыным,тайым)

Менде бүгін төлдердің аттарымен еркелетем.Балаларға төлдердің суреттерін таратамын.

Әлім сен кімсін?

-Құлыншағым менім

Айша сен кімсін?

-Ботақаным менім.

Осымен сабағымыз аяқталды.

Балалар,көңіл күйлерің қалай?Сабақ сендерге ұнады ма?Не ұнады?

Жақсы жауап бергендерің үшін төлдердің суретің

Сәлем деімін күнге мен!

Сәлем деімін мен саған!

Сәлем деіміз апайға!

Қонақтарға,құстарға!

Еркем-ерке-еркемай

Еркелеткен еркемай.

Жақсы көрем өмірді,

Жақсы көрем мен сені!


Сиыр,ешкі,қой,жылқы,түйе.

Түйе,сиыр,ешкі,жылқы,торай,

мысық, күшік.

Қант,сүт қосамыз.


Иә,жақсы көреміз.


Қаймақ,май,ірімшік,кұрт.


Бұзау деп жауап береді.

Аухау-аухау деп шақырамыз,сиыр қалай мөңірейді, мө-ө-ө

Құрау-құрау деп шақырамыз

Көс-көс-көс деп шақырамыз

Пұшайт-пушайт деп шақырамыз.

Әлім

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Төрт жылтырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар. (сиыр)

Жанель

Қара көзің мөлдіреп

Қызықтырмай қоймайды

Жібек жүнің үлбіреп

Қарасам ,көз тоймайды. (бота)


Құлыншағым,құндызым

Құлдырайды,шабады

Жылтыңдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады


Қой

Түйе

Мысық

Иә

Құлын


Бота


Күтілетін нәтиже: Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға,тындауға үйрену.


Меңгеруі:Трек сызба арқылы тақпақ жаттау.

- Балалар бүгін біз үй жануарымен танысамыз. Кім біледі үй жануарларына қандай жануарлар жатады?
Балалар:
- Сиыр, қой, жылқы, үйрек т. б
Тәрбиеші:
- Олар қайда тұрады?
Балалар:
- Қорада, үйде, фермада.
Тәрбиеші:
- Олар бізге не береді?
Балалар:
- Сүт, ет, май, шұбат т. б

Тәрбиеші:
- Өте жақсы балалар онда біз бүгін ойын ойнап көрейік. Ойынның аты «Қателесіп қалма» деп аталады. Мен қазір сендерге әртүрлі жануарларды атаймын ал сендер болсаңдар ішінен тек қана үй жануарларын теріп айтатын боласыңдар, жарай ма?
Тыныс алу жаттығуы «Балапан қанат қағады».
- Қолды бос жіберіп тік тұрамыз
- Демімізді ішке тартып «Ку - ка - ре - ку» деп демімізді сыртқа шығарамыз.
Тәрбиеші:
- Ендеше бүгін сол жпнуарлар туралы аңыз тыңдайық «Төлдер айтысы» деп аталады.
Балалар ертегіні өздері орындайды.
Бір жерге жиналған лақ, бұзау, қошақан, бота біздің иеміз кімді көбірек жақсы көреді деп айтысыпты.
Бірінші лақ:
- мә - ә - ә! Әрине иеміз бізді жақсы көредңі ол сүтімізді ішіп, түбітімізді киімге пайдаланады.
Қошақан тұрып:
- ме - ме ал біз ше? Адамдарға біздің етіміз ұнайды! Ол біздің жүнімізден шұлық тоқиды - деп дауласыпты
Осы кезде бұзау:
- мө - ө - ө сендер босқа мақтанасыңдар адам тіршілігіне ең қолайлы мен сүт, қарын, май алады деп мақтанады
Сонда құлын бір кісінеп:
- Ихо - хо! Босқа мақтанбаңдар иеміз мені жақсы көреді, мен мінсе көлік, жесе азық - депті
Сонда үндемей тұрған бота:
- бәрінен де бізді жақсы көреді біздің шұбатымыз ең алтыны
Сол кезде адам келіп төлдерім босқа таласпаңдар әрқайсыларыңның орындарың бөлек деп жауап беріпті
«Үлкен - кіші» дамытушы ойыны:
Сиыр қандай?
Бұзау қандай?
Ол қалай дыбыс шығарады?
Жылқы қандай?
Құлын қандай?
Ол қалай дыбыс шығарады?
Ән «Бізде де бар құлыншақ» балалардың орындауында.
Рефлексивті - қорытындылау:

Қазақстан Республикасы Білім жене ғылым министірлігі


Тақырыбы: «Төрт түлік мал»


Ашық сабақ

Екібастұз қаласы

КМҚК № 23 «Балауса»

Мектепке деінгі гимназия

2011-2012ж

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Республикам менің»

Тәрбиеші:Ш.Ж.Нуртазина

Екібастұз қаласы

№ 23 «Балауса» б/б КМҚК






если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал