Ертеңгілік 'Балалық шақ әлемі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
Рейтинг: 7,5 / 10 - Голосов: 16
предварительный просмотр материала

Балалық шақ әлемі

Магнитофонға жазылған дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата - аналар! Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектепалды даярлық сыныбымен қоштасу ертеңгілігіне Семей қаласының №7 мектебінің 0 «Ә» сыныбының түлектері «Бақытты балалық шақ» ұшағымен келіп қонды. Ертеңгілік барысында қалта телефондарыңызды өшіріп,дабыр сөзді қойып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп,әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз.

Залға балалар шармен музыка әуенімен кіреді.

Барлығы: Хормен Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс!

Әлинұр:Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен - аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманын
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын

Нұрасыл:Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күнің , әр айың
Сания: Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып ортаға білім мен тәрбие нәріне сусындатқан мұғалімімізді ортаға шақырамыз.

Ортаға мұғалім шығады «Астапурай» өлеңінің әуенімен ән айтады

Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым
Бақшамыздан тәрбие алғандарым
Енді міне ер жетіп бәрің бірге
Достарыңмен мектепке барғандарың.

Қайырмасы:
Балаларым балапан балғындарым 2 рет
Кілең беске оқыңдар жарқындарым

Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар
Барлығыңда болашаққа аттаныңдар
Аттаныңдар жұптарың жазылмасын
Ешқандайда қиындық жолықпасын

Қайырмасы:
Балаларым балапан балғындарым 2 рет
Кілең беске оқыңдар жарқындарым

Мұғалім: Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл- ойларың
Қуанышы бүгінгі
Құтты болсын тойларың

Қымбатты ата - аналар, қонақтар бүгін біздің бір жыл мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Кішкентай түлектерімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.

Мұғалім: Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып, би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

Ән: «Балдырған» Мадина

Мұғалім: Алдымдағы балалар

Мектепке кетіп барады
Тақпақ айтып бір - бірден
Қимай кетіп барады- дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақ, өлеңдерін айтуға шақырамын.

Мағзұм Айналайын, балалар,

Алда мектеп- ана бар.

Өздеріңнен өседі,

Өнерпаздар, даналар

Бекжан :Қуан, шаттан алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Бұл қуаныш себебін,

Бізге қарап ұғарсың,

Ер жетті деп бөбегім,

Ата-анамыз қуансын.

Эльмира:Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.

Өнер-білім үйреткен,

Өзіңізді қимаймыз.

Алуа:Енді мен үлкен боламын,

Анамның тілін аламын.

Ұстаздың барлық айтқанын,

Миыма құйып аламын.

Дана: Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.

Айша:Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып даярлық топпенен

Біріншіге барамыз.

Еркежан:Құшағыңда жарқылдап,

Өтті сәби күндерім,

Мектепке барам мен енді

Даярлық топ қош енді.

Ғалымжан:Әліппеден әріп танып,

Алғаш рет оқимыз.

Тәрбиеден тәлім алып,

Санамызға тоқимыз.

Санжар:5 болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз.

Ән: «Әжем айтқан ертегі»Шұғыла

Ортаға «Білгішбек» келеді
Білгішбек: Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендерге ақ жол тілегім келіп, сендердің мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім. Сендердің барлықтарың да ақылды, саналы, білімдісіңдер, мен сендерді өз әлеміме шақырамын, менің достарым боласыңдар, бізді алда көп биік асулар күтіп тұр, келісесіңдер ме?

Сол кезде велосипедпен Жалқаубек келеді
Жалқаубек: Ой мында не болып жатыр, кеттік балалар ойнауға, не істеп жатырсыңдар, далада қызық болып жатыр, кеттік .

Мұғалім: Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде биыл мектепке барасың ғой, қарашы мына Білгішбек қандай бала болғанын, сенде талпынуың керек емес пе?
Жалқаубек: Ой, мына Білгішбек мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады, біз мектепке бармаймыз, аналарымыз, әжеміз оқиды, басымызды ауыртпаймыз.

Мұғалім:Қой Жалқаубек біздің балалар мектепке әзір, бүгін мектепалды даярлық сыныбымен қоштасып жатыр, сен анаңнан қалмай жылап келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып, біліп алған, кәне, отыршы көресің.

Білгішбек: Апай мен балалармен ойын ойнап көрейінші балалар мектепке дайын ба:
Ойын «Кім жылдам сөз айтады»
Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады, сол әріпке сөз айтады.

Мұғалім: Ал Жалқаубек қалай екен біздің балалар?

(Жалқаубек үндемей тұрады)
Олай болса менде ойынды жалғастырғым келіп тұр «Иә, иә» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық. Мен балаларға сұрақтар қоямын, балалар иә,иә немесе жоқ, жоқ деп жауап берулері қажет, келістік пе?

1.Мектепке біз барамыз ба? «Иә, иә»
2.Кілең бестік аламыз ба? «Иә, иә»
3.Айтқан тілді аламыз ба? «Иә, иә»
4.Ақылды бала боламыз ба? «Иә, иә»
5.Нан жеймін деп жылаймыз ба? «Жоқ, жоқ»
6.Ертеңгісін тұрамыз ба? «Иә, иә»
7.Сабақта отырып ұйықтаймыз ба? «Жоқ, жоқ»
8.Ойыншықтармен ойнаймыз ба? «Жоқ, жоқ»
9.Екі алғанда жылаймыз ба? «Жоқ, жоқ»
10.Оқушы біз боламыз ба? «Иә, иә»

Жалқаубек: Ой балалар аналарыңда, апаларыңда шаршайды ғой, бармаңдар мектепке не керек?
Мұғалім: Олай болса ата - аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

1.Балаңызға әрқашан тірек сіз ба? «Иә, иә»
2.Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба? «Иә, иә»
3.Тамағын уақытылы бересіз бе? «Иә, иә»
4.Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба? «Иә, иә»
5.Сериал көріп жатасыз ба? «Жоқ, жоқ»
6.Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба? «Жоқ, жоқ»
7.Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба? «Жоқ, жоқ»
8.Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба? «Жоқ, жоқ»
9.Балаңыз үшін басқа балаларды соғасыз ба? «Жоқ, жоқ»
10. Бала үшін асулардан асасыз ба? «Иә, иә»

Мұғалім: Рахмет көп- көп
Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша
Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік

Би: «Чунга - чанга»

Мұғалім: - Балалар біз мектепке не үшін барамыз?

Еркежан - Оқып білім алу үшін

Нұрасыл - Еліме еңбек ету үшін
Ғалымжан -Білімді азамат болу үшін

Санжар - Ер жетіп Отанымды қорғау үшін

Білгішбек: Мен балалармен тағы да ойын ойнағым келіп тұр, Жалқаубек сенде ойна.
Ойын «Тез тұратын сандар» деп аталады.
Шарты: Балаларға 1 -ден 10 - ға дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға, ретімен тез тұру керек.

Жалқаубек: Білгішбек сен оны қайдан біліп алдың? Менің асығымнан, фишкамнан, добымнан да қызық ойын екен, менде үйге барып мектепке дайындалайын, балалар сау болыңдар, күзде мектепте кездесейік. (Жалқаубек кетіп қалады)
Мұғалім: Білгішбек саған көп рахмет, Жалқаубекті дұрыс жолға салдың ғой. Біздің де балалардың саған дайындаған бір көріністері бар, кәне, сенде отырып тамашала.

Көрініс «Портфель»
Портфельдің суреті салынған үйшік тұрады.
Мұғалім:

Биік те емес, аласа
Бір портфель тұр жараса
Қызыққандар кіре алмай
Сыртында жүр таласа

Сонда бұны кім алған,
Ішіне оның не салған
Құлпын ашып көрейік
Нелер барын білейік

Тук, тук, тук
Кіруге бола ма?
Әлде біреу тұра ма
Әрине ешкім тұрмайды
Тұрса үнсіз болмайды.
Әне пенал келеді
Мүмкін пенал кіреді.

Пенал: Пай, пай, пай
Түсім бе, әлде өңім бе?
Жай портфель емес тегінде
Болса болар тек қана
Ертегілер елінде
Жақынырақ барайын
Ішіне көз салайын
Кім тұрады бұл жерде
Жайын біліп алайын

Тук. Тук, тук
Болар ма екен кіруге?
Кім тұрарын білуге
Жауапсыз қалды сұрағым
Онда өзім тұрамын
(Ішіне кіріп кетеді)

Мұғалім: Енді әліппе келеді
Портфельді олда көреді.

Әліппе: Ашық екен есігі
Ішіне жайлап кірейін
Кімдер барын білейін
Жақсы достар болса егер
Бірге өмір сүрейін

Мұғалім: Есікті ашып осы сәт
Пенал шықты ақылды
Әліппені өзімен
Бір тұруға шақырды

Пенал: Кір әліппе бас қосайық
Бірге тұрып достасайық.

Мұғалім: Жүгіріп дәптер келді де
Кіргісі келіп ішіне
Қарайды ол да телміре

Дәптер: Жазу жазар болса кім
Онда менде керекпін
Кіргізіңдер мені де
Бір тұрайық демекпін

Мұғалім: Әліппеде жөн көрген
Адал досты
Қатарына дәптерді
Жедел қосты

Әліппе: Кел дәптерім келіңіз
Портфельме кіріңіз
Оқушы үшін әрқашан
Керекпін деп жүріңіз

Мұғалім: Түрлендірген бір - бірін
Достарды күтіп алыңдар
Келіп жетті жүгіріп
Түрлі - түсті қаламдар.

Пайда болды «4»-тік те
Көп ұзамай «5»- тік те
Айтып жатты жарасып
Өз ойларын естірте.

«5»- тік: Оқушының бәрі де
Мені жақсы көреді
Портфельдің дәл төрінен
Маған орын береді.
«4»- тік: Жақсы оқитын балалар
«4»-пен «5»- ті алады
Ұқыпты, өзі ынталы
Тәрбиелі болады.

Қызыл қалам: Әрине, әрине
Керексіңдер бәріңде
Көңіл сиса сиямыз
Тар болса да ұямыз

Көк қалам: Тәртібінен сабақтан
«4», «5» алып жарыссын
Кіріңдер жақсы бағалар
Оқушылар танысын

Мұғалім: Міне осылай портфельдің
Лезде іші толып кетті
Арттарынан жүгіріп
«2»- лік пен «3» те жетті

«3» - тік: Портфелім мені қалдырмай
Кіргізіп ал ішіне
Жалқауларға жайлымын
Жалынбаймын екіге

«2»- лік: Жалқауларды жалдап алам
Аңқауларды алдап алам
Көшпей қалса сыныпта
Досым үшін менде қалам

Мұғалім:Сұрланып босағадан
Пенал шықты
Ұрысып «2» мен «3»- ті
Жерге тықты

Пенал: Сөздеріңді жөн көретін
Бізді аңқау деп едің
Балалардың досы мықты
Сендерсіз- ақ күн көретін
Еңбек етпей ерінсе
Ол оқушы болама?
Достарымыз «4»пен « 5»
Кетіңдер бізге жолама!

Мұғалім: Кіргізбей «2» мен «3»- ті
Сарт етіп есік жабылды
Cыйқырланып портфель
Пішіндерін өзгертіп
Иесін енді іздеді
Оқушы екен иесі
Міне өзі табылды
(оқушы қыз жүгіріп шығады)
Оқушы қыз: Мен іздеген портфель
Іздеп жүрсем алыстан
Шыға келдім алдымнан
Ант беремін , уәде айтып
Жақсы оқушы боламын
Кілең бестік аламын
Тәрбиелі, үлгілі
Қазақстан азаматы боламын

«Жігіттер биі» барлық ер балалар билейді.

Мұғалім:

Оқимыз, білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Даярлықпен қоштасып
Біріншіге барамыз,- деп енді баларымыз мұғалімдеріне өз ризашылықтарын білдірмек
Санжар Гүлдендірген мектепті
Директор ағай жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Ерлан Сагиевичқа мың алғыс

Нұрасыл Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Сыныбымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын Светлана Григорьевнаға көп рахмет

Ғалымжан Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбдігер
Қамқоршымыз дәрігер
Дәрігер апайға мың рахмет

Шұғыла Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Кырмызы Ерсінкызы
Айтамыз біз мың алғыс

Асыл атам әні Нұрасыл

Ойын: «Күн шуағы»

Мұғалім: - Балалар, мынау қандай пішін? Түсі қандай? Осы дөңгелекті шуақты күнге айналдыруымыз қажет. Күннің нұрын менің қойған сұрақтарыма жауап беру арқылы жапсырып отырамыз. Сендердің өте зерек, алғыр, тапқыр екендіктеріңді ата-аналарымызға көрсетейік.

-Қазір жылдың қай мезгілі? (көктем)
-Көктем мезгілінің қай айы? (мамыр)

- Біз қай елде тұрамыз?

- Қазақстан Республикасының президенті кім?

- ҚР рәміздерін кімдер атап береді?

- Неше жыл мезгілі бар?

- Табиғат нешеге бөлінеді?

- Тірі табиғатқа нелер жатады?

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

- Дауыссыз дыбыстарды ше?

- Мына сөздерді кім оқып береді?( Аян, Айша, Айбар, Айдана)

- Сөздерді буынға бөліп оқып бер. (Бо-та, қа-ла, да-ла)

- Тақтаға өз атын кім жазып береді?

- Жаңылтпаштар кім айтады?

- Жарайсыңдар, балалар! Міне, күн құрастырдыңдар. Әрқашан күн сөнбесін! Күн шуағы сіздерге нұр сыйласын. Сапарларың сәтті болсын!

Ән: «Біз мектепке барамыз»Хормен
Би флешмоб

Мұғалім: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау, аман есен мықты болсын!
Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
Біріншіге баратын қадамдарың құтты болсын!

Мұғалім: Бір ата, бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
Бірлік барда , тірлік бар деген бабам.
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз.

Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата -аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.

Флешмоб

Жігіттер биі



Чунга - чанга биі



















Балаларға диплом тапсыру


Баян біздің ізденгіш

Талпынады биікке


Комьпютерді меңгерген

Мансурға кім тең келген?


Әміржан біздің жан-жақты

Білімді жиды салмақты!


Спортта үздік үнемі

Тобымыздың бұл бір жүрегі

Досжанды кім білмейді?


Мынау біздің Алима

Тұрған бойы наз-иба!


Ибалы, инабатты

Инкара біздің сыйға батты.


Айсуға

Бойына шаң жуытпайды,

Сабағында ұмытпайды.


Әсемге

Кіршіксіз пәк жүрегі

Көңілді әр кез жүреді.


Әкежанға

Сегіз қырлы, бір сырлы

Өнері бар сан түрлі.


Нурисламға

Табиғатты сүйеді

Білімге бас иеді.


Дильназға

Берген өлең,тақпақты

Лезде жаттап алады

Тек жұлдызша алады.


Сафияға

Математика десе

«ішкен асты жерге қояды»

Тек есепті тереді.


Елданаға

Сабағын жақсы меңгерген

Жақсылықты көп түйген.


Ерназарға

Топтағы әр баланы

Бауырындай көріп жүреді.


Арсланға

Жетелеп жүріп түрлі арман

Білімімен шыңдалған!


Әминаға

Білімге құштарлықпен бас ұрады,

Білгенін шыдамайды ақтарады.






если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал