Ашық сабақ: '78+22, 100-22 түріндегі жазбаша қосу мен азайту'.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ. Математика 4 «б» сынып

Сабақтың тақырыбы: 78+22, 100-22 түріндегі жазбаша қосу мен азайту.

Сабақтың мақсаты: 1) Екі таңбалы сандарды баған түрінде жазып және сәйкес шығару алгаритімін пайдаланып, қосуды, азайтуды орындау.

2) Оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу

3) Ақыл- ойын, ой- өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап ойын

Сабақтың көрнекілігі слайдтар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылар, назарымызды сабаққа аударып, құрал- жабдықтарымызды реттейміз.

Қызығушылықты ояту:

Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын

Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын

Ғылымдар патшасы боп дараланып

Математика - қызықты тоймайтұғын

Олай болса біз бүгінгі сабағымызда «Білім теңізінде» жүзе отырып , математика еліне саяхат жасаймыз.Математика деген сөзді оқығанда көз алдарыңа не елестеп , қандай ой келеді?

-Ғылым оқулық , есеп , сандар , цифрлар ,қосу , азайту , « Математика» деген ғажайып елді аралау үшін білімімізді ортаға салайық. Сол елдегі олжаға жету үшін жолдағы аралдардағы кедергілерден өтуіміз керек .



2 . Үй тапсырмасын сұрау

  • Бізге теңізде жүзу үшін не қажет?

  • Кеме

  • Егер үй тапсырмасын дұрыс оқысаңдар кеме дайын болады.

Үй тапсырмасы N 6

Сандарды кему ретімен жазу :

98,89,87,78,64,52,46,25,

91,84,71,48,32,23,19,17.

3 Жаңа сабақ :

Біз кемемен теңізге жүзіп келеміз.

Аралға тез жету үшін «Балық аулау» ойынын ойнаймыз.

Тірек білімді еске түсіру:

10-5 5+5 6+4 10-4 7+3 10-7



Мінеки «Сандар аралына» келіп жеттік .

Бұл аралда біз екі таңбалы сандарды жазбаша қосу мен азайтуды үйренеміз.Мына кестедегі сандардың жазылуы туралы не айтуға болады ?



Жүздіктер

Ондықтар

Бірліктер


7

8


2

2



Жүздіктер

Ондықтар

Бірліктер

1

0

0


2

2



78 100

22 22

100 78



Дәптерге жазғызу

  • Қане балалар енді келесі аялдамаға аялдайық. «Өрнектер аралы» Балалар сендердің «Сандар» аралында не үйренгендеріңді тексеруге тапсырмалар орындайық .

47+53 54+46 29-71 38+62 55+45 41+59

100-47 100-54 100-71 100-38 100-45 100-59

«Есептер аралы» N5

Шынжыр табанды трактор - 9

Доңғалақты трактор - ? 4 А

Ш : 9+4=13

Ж : 13 доңғалақты трактор

Ә ) Шынжыр табанды трактор - 9

Доңғалақты трактор - ? 4 А

Ш : 9+4 =13

13+9=22 Ж : 22 трактор

«Демалыс аралы» сергіту сәті

Тік тұрам да қос қолмен

Таянамын бүйірде

Топылдатып аяқты ,

Шапалақтап қолымды

Басымды мен шұлғимын

Құс қанатша қолымды

Екі жаққа жаямын

Бір отырып , бір тұрып

Орнымды мен табамын

Әдемі етіп жазамын



«Сан жұмбақтар аралы»

1 - деңгей : Мысалды сызық арқылы жауабымен қос :

А) 8+6 14 9 13-8

14-5 5 18 9+9

Ә) 9+8 12 4 7+5

12-6 17 6 11-7

2 -деңгей : Өрнектерді жаз , мәнін тап .

А ) 13+9=22 7 және 8 сандарының қосындысынан 3 - ті азайт.

Ә )16 және 9 сандарының айырмасына 4 - ті қос.

3 - деңгей : Есепті оқы , шығар :

  1. Бір үйде 90 пәтер , ал келесі үйдегі пәтерлердің 10 - ы артық . Екі үйде барлығы неше пәтер бар ?

Ә ) Жоғары сөреде 6 , ал төменгі сөреде 7 кітап бар еді . 4 кітап алынды . Екі сөреде неше кітап қалды ?



4 - деңгей : Сабақты бекіту

«Олжа аралы»

Бүгінгі сабағымызда не үйрендік , не білдік ?



5 - деңгей : Бағалау



6 - деңгей : Үй тапсырмасы N 6 138 - бет





если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал