Музыка сабағы 'Менің отбасым. '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
Рейтинг: 4,7 / 10 - Голосов: 17
предварительный просмотр материала

Күні/айы

Пәні: музыка

Сабақ

Сабақтың тақырыбы

Менің отбасым.

Жалпы мақсаты

Шулы дыбыс пен музыкалық дыбысты ажырата біледі.

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Оқыту әдісі

Диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлау, түсіндіру, сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Күтілетін нәтижелер

Шулы дыбыс пен музыкалық дыбысты біледі.

Орындалатын жұмыстар


1.Оқушыларды таныстыру

2.Сабақтың мақсатын түсіндіру

3.Сабақтың тақырыбын ашу

4.Тақырып бойынша негізгі тапсырмаларды орындау

Ресурстар

Суреттер, қима қағаздар т.б.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі


1.Сабақтың мақсатын түсіндіру

2.Психологиялық тренинг

3.Сабақтың мақсатын хабарлау.

1.Сабаққа назар аудару

2.Сабаққа психологиялық жағынан дайындалады.Бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас орнатады.

Негізгі бөлім

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа зейіндерін аудару.

Сабаққа қажетті оқу-құралдарын дайындату.

Баланың партада дұрыс отыруын қадағалау.

ІІ.Жаңа сабақ:
Жұмбақ:

Маған да, саған да Жақын туыс - бес адам. Үш әріптен тұратын, Оңға оқы, солға оқы, Өзгермейді еш одан, Бәрі де өз жұратың, Айтады кәне кім атын?

(Ата, ana, апа, ага, іні.)

«Отбасы» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?» деген ойқозғау сұрақ қойылып, балалардың пікірі тыңдалады. Оқулықта берілген түрлі түсті сурет бойынша әңгіме ұйымдастырылады.

  1. Суретте кімдер бейнеленген?

  2. Үлкен отбасындағы адамдардың көңіл күйлері қандай?

  3. Отбасында неше адам бар екен?

  4. Сенің отбасыңда кімдер бар?

Анаң - күнің, жүрегің, Әкең - өмір тірегің.

Әжең - асыл ардағың, Атаң - дана қорғаның. Ағаң - қамқор аскарың, Інің - мөлдір аспаның. Қарындасың - қанатың, Ел-Отаның - жәннатың.< Ікулықпен жріыс: «Менің отбасым» мәтіні оқылады.

Атадан бала туар,

Атасының жолын қуар.

Ойлан, man:

Айтары мол ғүлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің,

Білер оны сұраған. Ол кім? (Ата)Ән үйрену: Д. Ботбаевтың «Етікші» әні орташа екпінде, сергек сезімде, көңілді айтылады. Қайырмасындағы «тук-тук» дыбыстары етікші ата балғасының тықылдаған дыбысын, еңбекқор атаның музыкалық бейнесін әннің мазмұнын аша түседі.

ән қайырмасындағы балға соққан етікші ата қимылын әннің ырғағымен сәйкестендіріп, би қимылымен көрсетуге болады. Бұл әдіс әнді ойын ретінде тез үйреніп, қабылдауға ықпал етеді. Бұл жерде «тук-тук» шулы дыбысы қысқа, үзіп үзіп орындалатынын балалар ажыратады.

Шығармашылыұ жұмыс: Окулықта берілген жұмбақтарды шешу.Тағы қандай қүрал-саймандарды білесіңдер?

Үшкір қазық,

Дөңгелек қалпақты,

Біріктірер бөлекті. (Шеге)

Мойны жар бермей,

Желкеден қыса бастайды.

Жөнге жүрместі

Сереңдетіп жұлып тастайды. (Кемпірауыз)

Есіктегі қүлыпқа ұя жасау өнерім.

Шаңырақтан уыққа

Үңгір қазып беремін. (Қашау)

Қос таяқ,

Бастары дөңгелек.

Тұтасты

Кеседі бөлек-бөлек. (Қайшы)

Бекіту, қорыту

-Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Мадақтау

Үйге тапсырма

Суреттермен жұмыс жасау

Үйде оқу


Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Ең жақсы өткен екі дүние


1.

2.


Келесі сабағыма қажетті ақпарат













если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал