Дүниетанудан ашық сабақ 'Жапырақтар неге сарғаяды?' 2 Сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дүниетану 2 сынып

Тақырыбы: Күзде жапырақ неге сарғаяды және түседі?

Мақсаты: 1.Жапырақтар және олардың құрамы туралы білгендерін ортаға салу.

2. Күздегі жапырақтың түсуі суреті арқылы табиғи құбылысты түсіндіру

3. Табиғатты қорғауға, оған деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал беру. Достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтау, венн диаграммасы, сурет салу.

Пән аралас байланыс; ән, бейнелеу, ана тілі, өзін- өзі тану.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Қызығушылықты ояту. (бейне таспа жаймен)

«Табиғат ол - анамыз,

Табиғатқа баламыз.»

  1. Психологиялық дайындық

  2. Ауа райын болжау. Кезекші есебін тыңдау.

  3. Мағынаны тану: Күзде жауын. Бұлт, тұман.

Жапырақтар жауады.

Сары құйын ұйытқыған,

Сапырады ауаны.

Тапталады табанға,

Судыр, судыр жапырақ

Өрттей сары бояуға

Малынғандай атырап, -деп ақын атамыз Мұзафар Әлімбаев жырлағандай, судырлаған жапырақтарға назар аударайық. Топ серуенде жинаған жапырақтарымызды қарайық.

-Түстері қандай?

- Қазір қандай мезгіл?

- Ағаштар жыл мезгілдеріне қарай өзгереді?

(Тақтаға назар оудару. Жапырақтарды көрсету.

Сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсатымен таныстыру.)

Сыныпты төрт топқа бөлу, әр топқа ат қою, тапсырма беру.

  1. Топ - Қайыңдар

  2. Топ - Теректер


  1. Топ - Емендер

  2. Топ - Қарағайлар

  3. Топ - Шыршалар


Өсімдік мүшесі - жапырақпен танысайық.

Сұрақтар:

1-топ- Еске түсіріп айтыңдар, жапырақ -бұл өсімдіктің жер үсті немесе жер асты мүшесі ме?

-Жапырақтар нені жұтады, нені бөліп шығарады?


2-топ-Сендер қалай ойлайсыңдар, өсімдіктерге жапырақ не үшін қажет?

- Жапырақтар қандай газбен тыныс алады?


3-топ- Жапырақ қандай қызмет атқарады?

- Неге өсімдіктер қызып кетпейді?


4-топ-Бөлме өсімдіктерін қалай күту керек?

  • Бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын не үшін сүртіп, су бүркіп отырады?


5-топ- Күзде жапырақтар неге сарғаяды?

  • Қандай ағаштардың жапырақтары үнемі жасыл болып тұрады?

Оқулықпен жұмыс .

Мәтінді оқу, 1 азат жолын оқғаннан кейін сұрақтар:

- Жапыраққа жасыл түс беретін зат қалай аталады?

2 азат жолды оқығаннан кейін сұрақ:

  • Күзде жапырақтың түсі неге өзгереді?

3 азат жолды оқуды жалғастыру

  • Жапырақ неге түседі?

  • Жерге түскен жапырақтардың, қураған шөптердің қандай пайдасы бар?

Сергіту сәті: Жаңбыр жауып басылды

Аспан шайдай ашылды

Желмен бірге жапырақ

Сыбдыр қағып шашылды.

Күзде судырлайды су, су, су, су,

Қыста қурайды қу, қу, қу, қу,

Көктемде гүлдейді гу, гу, гу, гу

Жазда жайқалады жа, жа, жа, жа.

1-топ Сары жапырақ беріледі

Күн қысқарып, түн ұзарады.

Жарық азаяды.

Хлорофилл түзелмейді.

Өсімдіктің қоректенуі баяулайды.

Күн сәулесі жылуды аз береді.


2-Топ Жасыл жапырақ

Жылу, жарық

Жапырақта хлорофилл түзіледі.

3-топ Сөзжұмбақ шешу:

* Аспанда түнде болады (ж)

*ағашта өсетін жеміс (а)

* оқушылар отыратын үстел п)

* қазақтың тұнғыш педагогі (ы)

* қанағат, ... біліп қой. (р)

* өзімен кесуге де болады, кейде жәндік те болады (а)

* қыста не жауады. (қ)

4-топ «Жапырақ қоректі қайдан алады және оның пайдасы» туралы баяндама жасау

  • Өсімдікке сән беретін -жапырақ. Жапыраққа су, еріген тұздар сабақ арқылы тамырдан келеді. Т.б


5-топ -Жапырақ туралы шумақ өлең шығарыңдар


Сурет салу

Қорытынды: көрініс қою. «Жапырақтың түсі неге жасыл немесе ол неге күзде сарғаяды?»

Көктем келді. Ағаштарда жапырақтар көбейді. Олар күннің көзіне жылынып өсе берді. Бір күні жапыраққа хлорофилл келді:

-Жапырақ, көмектес маған. Менің мекенім, тұратын үйім жоқ. Мені өзіңмен қоса алшы, деп жалынды.

- Жоқ, сен маған керек жоқсың. Мен сенсіз-ақ та өмір сүремін, сенсіз - ақ та әдемімін, - деп хлорофиллді қуып жіберді.

Хлопрофилл жылап әрі кете берді.

Біраз уақыт өтеді. Жапырақтың түсі өзгеріп, бозарып кетіпті. Әлгі, жасыл түсінен түк те жоқ. Оған сонда ағаш айтады:

-Сен өткенде бекер хлорофиллді қуып жібердің. Олсыз сенің түсің бозарып, сарғайып кетіпті. Қазір күз емес қой. Сонда жапырақ біраз ойланады да хлорофиллге барып кешірім сұрайды:

-Шырағым, хлорофилл, кешірші мені. Менің сенсіз күнім жоқ екен. Кел, екеуміз бірге өмір сүрейік.

Содан бастап хлопрофилл жапырақпен бірге өмір сүріп, оған әдемі, жасыл түс береді екен.

Күндерден күн өтіп жатады. Міне күз мезгілі де келді. Жаз бойы күннің жылуына еркелеген жапырақ күннің көзіне зар бола бастайды. Себебі күзде күн суытып, жаңбыр жиі жауа бастайды.

Бұнын салдарынан хлорофилл де әлсізденіп қалады. Бір күні ол жапыраққа былай дейді:

-Жапырақ, міне күз келді. Күннің көзінің қызуы азайды. Мен де өз еліме қайтайын. Келесі көктемде біз міндетті түрде кездесеміз, - деп қоштасып кете береді. Ал жапырақ хлорофиллсыз жасыл түсін жоғалтып, сарғайып, қурап қалады.

Бекіту:


ағашта өседі ауаны тазартады

Жапырақ

әсемдік өсімдік мүшесі

әртүрлі пайдасы бар

ҚР-ның «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңы бар. Сол заңның 38-бабында табиғатты қорғау, оны таза ұстау әр адамның міндеті делінген. Сендер, балалар, келешек елді көркейтер азаматсыңдар. Сондықтан осы мектеп партасында отырған кезден бастап, осы іске өздеріңді дайындауларың керек. Ағаштың жапырақсыз сәні жоқ. Ол ең маңызды керекті мүшесі.

Бағалау:

Үйге тапсырма: оқу, тапсырмаларды орындау.





если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал