Ғылыми жұмыс тақырыбы Бесік жыры

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

































Ғылыми жұмыс тақырыбы Бесік жыры

Бесік жыры



Ғылыми жұмыс тақырыбы Бесік жыры

Кіріспе

Бесік - алтын қазына

"Ел болу үшін, бесігіңді түзе" - деген нақыл айтып кеткен Мұхтар Әуезов атамыздың бұл бір сөзіне ой жүгіртсең, елдің сапасы сонау бесік тәрбиесімен байланысы зор екенін айтады. Қазақ даналығының алтын қазынасы тіл мен тәрбиеде жатқаны анық. Ғасырлар бойы көшпелі қазақ жұртының өмірден жиған тәжірибесі, бүгінгі күнде Қазақстан Республикамыздың тағдырына үлкен үлесін қосуда.

Бесік - қазақ қауымы үшін аса қастерлі, қасиетті мүлік. Оны адами өмірдің бастапқы ұясы деп біледі. Бесік - көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті мұра. Қазақта "Есік көргенді алма, бесік көргенді ал", "Бесік көрмеген ессіз болып есікке енеді", "Есік арқалағаннан бесік арқалаған артық", "Төрінде бесік тұрса, төре де бас иеді" деген ұлағатты сөздер содан. Бесіктің бала тәрбиесіне ыңғайлылығы мына жақтардан көрінеді: біріншіден, көшіп-қонғанда түйеге артып жүруге қолайлы, екіншіден, баланы емізгенге өте ыңғайлы. Баланы жүргектен шешіп жатпай-ақ ана бесікке сүйеніп отырып емізе береді. Үшіншіден, дене мүшелерінің, яғни бастың қисық болмай домалақ болуына, аяқтың да түзу болып өсуіне бесікке жатудың маңызы өте зор. Төртіншіден, бесік бала денесінің тазалығына, ұйықтауына қолайлы. Баланың дәреті денеге жайылмай шүмек түбек арқылы кетеді. Денесі құрғақ болса, бала жайлы жатып тыныш ұйықтайды. Ал, бала денесінің өсуі үшін ұйқы аса қажет.

Бесік жыры - халық тапқырлығы мен даналығы. Ізгі ойдың санаға дарыған мөлдір бұлағының тамшылары. Негізінен аналардың балаға деген мейірін үстемелейді, сезімді тебірентеді. Бөлеуде жатқан баласын бесіктің арқалығына сүйене отырып емізген ана жанын еміренткен арман-тілегенін де, көкейдегі көксегенін де әндетіп айтады. Сол сезімінің бәріне халық сөзі арқау болады.













1

  1. Негізгі бөлім

Бесік жыры - тәрбие көзі

2.1. Бесік жырының мазмұны және тәрбиелік мәні

Бесік жырларын мазмұны мен поэтикалық құрылымына қарай дәстүрлі Бесік жырлары және суырып салма Бесік жырлары деп екі топқа бөлуге болады. Дәстүрлі бесік жырлары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерлерде мазмұн желісі мен әуені өзгертілмей орындалатын жырлар. Олар: "Әлди, әлди , ақ бөпем, Ақ бесікте жат бөпем!" деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шұмақтарға ұласады. Сырлы сөз бен сазды әуен астасып келетін Бесік жыры халық педагогикасының бастау бұлағы ғана емес, қазақ әйелінің жан дүниесін танытатын, кезеңдік ел тұрмысынан мол мағлұмат беретін шалқары кең жанр. Бесік жырын мазмұнына қарай уату жыры, ұйықтату жыры деп те екіге бөліп қарастыруға болады.

Ғылыми жұмыс тақырыбы Бесік жыры

Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікте жат бөпем.

Жылама, бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін...

деп кете береді. Бұл нәрестенің уату жыры ғана емес, ана махаббатының, мейірінің кіршіксіз нәрестеге арналып жүрегінен шымырлап шыққаны көрініп тұр. Ал ұйықтату жырының да мазмұны терең, ана немесе әже нәрестеге барлық

нәрсе арнайды және әлемдегі ең бағалы, асыл затқа теңейді.

Көзімнің ағы қарасы,

Жүрегімнің панасы,

Уайым, қайғы ойлатпас,

2

Көңілімнің санасы.

деп жырлап, сәбидің жүрегіне ән мен жырдың ырғағын осылайша сіңіреді. Сезімін осылайша тербейді. Сол тәтті әуенге балқыған бала балбырап ұйқыға кетеді. Баланы жырмен жұбату отбасына ғана тән салт емес, ол бүкіл халық тұрмысында қалыптасқан дәстүр. Бесікті кім тербетсе де әндетіп жыр айтуға дағды.

Құйрығынды майырып,

Түнде жылқы қайырып,

Жаудан жылқы айырып,

Жігіт болар ма екенсің?!

деп келетін осы бір өлең жолдарынан халықтың болашақ ұрпақ тәрбиелеудегі ой-арманы айқын көрінген. Ол ана тілегі арқылы беріліп отыр. Мал бақ, кәсіп ет, ел-жұртыңды жаудан қорға деген ойын халық бесікте жатқан нәрестеге ақыл-кеңес, тілек етіп білдірген. Баланы жастайынан ел намысын қорғаушы азамат болуға баулу, оны ана аманаты ретінде келер ұрпақтың құлағына сіңіру ежелгі ел-дәстүрінің озық түрі болған. Бесік жырының бәрінде ананың мақсат мүддесі нысана ретінде қамтылады. Ана тілегінен, ана арманынан асатын ұлы мұрат жоқ. Қазақтың «Баланы жөргегінен баулы» дегені тегін емес. Ана тілегі - халық тірегі, ел мұраты... Көшпелі жұрт дала-шаруашылық өміріне төзімді болу үшін тәжірибе жинауға мәжбүр болған. Бірақ, еңбекші қара қазаққа ел-жұртының тышыштығы ең қымбат болған, соның бір дәлелі, ұрпақтарына берген тәлім-тәрбиесі тазалыққа, саулыққа, білімге жетелегенінен көреміз.

Бесік жырын көбісі қазақ үйде отырған әжелері орындаған. Әжелеріміздің берген тәрбиесі ананың сүтімен, кең даланың таза ауасымен сәбиге сіңген. Бесікте жатқан баланың шырылдап жылағанын әжелердің мағыналы, сабырлыққа толы жырымен жұбатады. Сәби кезінен әжесі баланы сабырлық, төзімділік, батыр болуға итермелейді. Қарапайым бесікті тербетіп отырған ана немесе әжесі болсын терең ойларға батады. Жас ана баласының болашақ тағдырын, өмір бойы кешетін жолы туралы көп ойлайтын болады. Бұл ең қарапайым мысал. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Бесік жыры әр халықта әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті,

мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады.

3

  1. Қазіргі заманда бесік жырының алатын орны

Бесік жырының басты қызметі - бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру екенін ескере келе, қазіргі таңда оның алатын орнын анықтау мақсатында қалалық перзентханадағы аналарға сауалнама жүргізуді жөн көрдік

А. Сауалнама.

Аты-жөні.................

  1. Бесік жырын білесіз бе? А. Иә Ә. Жоқ

  2. Балаңызды бесік жырымен әлдилейсіз бе? А. Иә Ә. Жоқ

  3. Балаңызды бесік жырымен әлдилемесеңіз себебін көрсетіңіз?

А. Білмеймін Ә. Ұнамайды Б. Өз нұсқаңыз

  1. Бесік жырын үйренгіңіз келе ме? А. Иә Ә. Жоқ

  2. Перзентханадан бесік жырын үйренуіңізге көмекші құралдар керек пе?

А. Иә Ә. Жоқ

Сауалнама нәтижесін қорытындыласақ:

Ғылыми жұмыс тақырыбы Бесік жырыҒылыми жұмыс тақырыбы Бесік жыры

</ Ғылыми жұмыс тақырыбы Бесік жырыСауалнама қорытындысынан бесік жырын сәбиіне арнағысы келетін аналар 100%-ды құрайтынын, олар бесік жырын көбірек үйренгісі келетінін және

4

бесік жырын насихаттайтын көмекші құралдарды қажет ететінін анық көруге болады.

Ә. Сәбиін бесікте өсіріп жатқан анамен кездесу

Ғылыми жұмыс тақырыбы Бесік жыры

Қазіргі таңда нәрестені бесікке бөлейтін адамдардың пікірін білуді де жөн көрдік. Көп баланың анасы Махсутова Айдана апаймен жолығып, бесіктің пайдасы туралы, бесік жырының тәрбиелік мәні туралы әңгімелерін тыңдай келе, баланы бесікпен өсірудің және бесік жырының ерекше құндылықтарына сүйсініп қайттық.

  1. Қорытынды

Сәби тәрбиесі мен мінез-құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны мүлде бөлек. Ол баланың көкірек көзін ашады, жан-жүйесін тербейді, сезімін сергітеді, көңіл-күйін көтереді. Есейе келе өнерге, сөз өнеріне бейімделеді. Әже мен ананың әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі екені баршаға белгілі. Ұлы Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деуі тегін емес. Бесік жырында ұлттық тәрбиенің үздік үлгісі жатыр. Алайда соңғы жылдарда бесік тербетіп отырып бесік жырын айтатын әже, ана азайды. Бесік тербететін баланың өзі бөпесін өлең айтып ұйықтататын. Бұрын ананың бесік жырын сәби ғана емес, ауыл балалары, тіпті үлкендер де құлағын салып тыңдап отыратын. Кейінгі кездерде жастардың халық әніне назар аудармауы, өлеңге әуестенбеуінің бір себебі - осы бесік жырының ұмытылуында болса керек. Қазіргі аналарымыз "Бесік жырын" бес саусағындай біліп отырса және сәбиінің бойына ана сүтімен қоса сіңіріп отырса ана тіліміздің тағдырының басына да бүгінгі таңда бұлт үйірілмес еді! Олай болса, бесік жырының, қасиетті бесіктің өміршеңдігін нығайту өз қолымызда. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген мақалды құрғақ сөз жүзінде қалдырмай, баршамыз ат салысайық. Бесік жырымен сусындаған тәрбиелі ұрпақ көбейе берсін!

5



  1. Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Х. Арғынбаев Қазақ халқының қолөнері

Алматы «Өнер» баспасы 1987ж

  1. Ә. Тәжімұратов Шебердің қолы ортақ

Алматы «Қазақстан» баспасы 1977ж

  1. С. Кенжеахметұлы Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті

Алматыкітап 2006ж

  1. Б. Әлімқұлов, Е. Әбдіраманов Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл

Алматы «Санат» баспасы 1994ж

  1. Ж. Байжанова Тұрмыс сәні Алматы «Қайнар» баспасы 1983ж

  2. Бұқаралық ақпарат көздері, ғаламтор желісі







если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал