Массаның өлшем бірлігі. Грамм

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Массаның өлшем бірлігі. Грамм.

Сабақтың мақсаты:

Масса және өлшем бірліктері туралы білу.

Сабақтың міндеті:

- Оқушыларға масса және оның өлшем бірліктері арқылы логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін, есепті шығара алу дағдыларын дамыту

-Мәселе есептерді талдап, түсіне отырып, шығаруды жетілдіру.

-Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге

тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

-Масса және оның өлшем бірлігі туралы түсінеді.

-Мәселе есептерді талдап, өз ойын еркін жеткізе біледі.

-Үш таңбалы сандарды оқып, жазып, салыстыра біледі.

-Сыни ойланып, шығармашылықпен жұмыс жасай біледі.

Сабақ типі: жаңа білімді бекіту

Сабақ түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, топтастыру, топпен және өздік жұмыс, сұрақ-жауап, эссе.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, сызба кестелер

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану



I.Ұйымдастыру кезеңі:



II.Психологиялық дайындық:

Математика сырлары ,

Қызықтырды біздерді.

Сабаққа бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді.



III.Үй тапсырмасын сұрау. : № 7 тапсырманы ауызша тексеремін.



Разряд - сандарды жазудағы цифрлардың орны.

125 247 514 825 456 212

1тоннада неше килограмм бар?

1центнерде неше килограмм бар?

1 тоннаданеше центнер бар?



II. Қызығушылықты ояту.

- Балалар, сендерсаяхатқа шыққанды жақсы көресіңдер ме?

- Ендеше, бізбүгінгі сабағымызда орманға саяхат жасаймыз.

- Орманда нелер мекендейді?

- Біз әдебиеттік оқу сабағында «Қамқорлық» деген мәтінді өттік. Қамқорлық дегеніміз не еді?

- Орманда кездескен аңдарға сендер көмектесе аласыңдар ма?

- Орманға барып, ондағы аңдар мен құстарға көмек көрсету үшін жаңа сабағымызды бастап, білімімізді толықтырып алайық.



III. Мағынаны тану кезеңі.

Бұған дейін біз массаның өлшем бірліктерімен таныстық. Кәне топтастырайық

2-слайд

Тонна (т) килограмм (кг)













Центнер ( ц) грамм (г)



- Бүгін массаның өлшем бірлігі граммен танысамыз.

Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, сабақ тақырыбын жазайық.



3-слайд



ІV Жаңа сабақ



-Балалар біздер барлығымыз да дүкенге барамыз солай ма?

-Дүкенге барғанда біз не істейміз?

-Дұрыс бір нәрсе алуға барамыз

- Мысалы кәмпит алғанда оны бізге қандай құралға қойып өлшеп береді?

-Дұрыс, таразыға қойып өлшейді

-Мына суреттерге қарайық

Массаның өлшем бірлігі. ГраммМассаның өлшем бірлігі. Грамм



4-слайд.Суретке қарайық. Өлшенген заттардың массасы 1 кг-нан аз.



Массаның өлшем бірлігі. Грамм



Мұндай заттардың массасын өлшеу үшін килограмға қарағанда кішірек өлшем бірлік керек.Бұл- грамм.



Грамм - массаның өлшем бірлігі.

1000грамм (г) =1 килограмм (кг).



- Біліміміздітолықтырыпалдық. Ендісаяхатымыздыбастауғаболады.

- Мінекиалдымызданаңдар да көрінді.Кәне, олар неге жиналыпотырекенбілейік?



5-слайд. Ормандағыаңдардыңсуретікөрсетіледі.

- Балалар, бізмынатапсырманыорындайалмай,әбденбасымызқатты. Себебі, бізсендерсияқты сабақ оқымаймыз. Бізгесендердіңкөмектеріңкерек.

- Балалар, көмекберемізбе?

- Ендеше, оқулықтағы 1 тапсырманыжылдаморындайқояйық.



Оқулықпен жұмыс

7 - слайд

№1. Өлшеу құралдарын көрсету. Масса және оның өлшем бірлігімен таныстыру.

Грамм - массаның өлщем бірлігі.

1000грамм (г) = 1 килограмм (кг)

Кір тастарымен таныстыру.



Массаның өлшем бірлігі. Грамм

500г 200г 100г 50г 20г 10г 5г 2г 1г



Енді мны суреттерге назар аударайық

Көрсетілген массаны алу үшін қандай таразы тастарын және неше рет алу керек? Әр таразы тасын бірнеше рет алуға болады.

Мына заттарды таразыға тарту үшін қандай кір тастарын таңдайсың?

Оқушылар жауабы тыңдаладыӨрнектерді жаз:.

Массаның өлшем бірлігі. ГраммМассаның өлшем бірлігі. ГраммМассаның өлшем бірлігі. ГраммМассаның өлшем бірлігі. ГраммМассаның өлшем бірлігі. Грамм

150 г 500г 125г 725г 228г

-Өте жақсы. Біз аңдарға өз көмегімізді бердік. Әрі қарай жүрейік.



8-слайд. Қасқыр мен қоянның суреті көрсетіледі.

- Балалар , мына қасқыр маған бір есепті шығарып бер деп соңымнан қуып қалар емес.Сендер маған көмектесесіңдер ме?

- Көмектесеміз бе, балалар?

Оқулықтағы 2 тапсырманы 4 топқа бөліп беремін. Қосынды мен айырманың мәнін табу.



№2. Есептеу. (Тақтамен жұмыс)

50ц- 2ц = 48ц 28т + 36т= 64т70ц - 63ц = 7ц 99кг - 7кг = 92кг

80т- 54т = 26т 100г - 34г = 66г99кг + 1кг = 100кг 70г +23г = 93г



Сергіту сәті



Кіші көршім оң жақта,

Үлкен көршім сол жақта

Қайда кеткен жан-жаққа?

...72... ...85... ...66... ...12 ... ...30...





9-слайд.Торғайлардың суреті көрсетіледі.

- Балалар, сендерді аңдардың бәрі мақтап жатыр. Сендердің көмектерің бізге де керек болып тұр.

Торғайлардың тапсырмасы



№4 тапсырманы 3 топқа бөліп беремін. Қысқаша жазылуы бойынша берілген сандық деректермен толықтырып есептер құрастырып, шығарады.

Талдау жұмыстарын жүргіземін.



4 топпен жұмыс жүргізу



1-топ. 2-топ.

Болды-235 кг картоп Болды -?кг картоп

Әкетті - 30 кг және 200кг Әкетті- 30кг және 200кг картоп

Қалды- ? кг картоп Қалды -? 5кг картоп

Ш: 235- ( 200+30)=5 Ш: 30+200+5=235

Ж: дүкенде 5 кг картопқалды. Ж: дүкенде 235 кг картопболған.



3-топ.

Болды- 235кг картоп

Әкетті - ? кг және 200кг картоп

Қалды -5 кг

Ш: 235-30-5= 200

Ж: түсте 200кг картоптыәкетті.



10-слайд. Тиіннің суреті көрсетіледі.

- Балалар, мен қысқы азығымды жинап қойып едім.Жаңғақтарым азайып бара жатыр. Әр айда қанша жаңғақ жегенімді есептеп бересіңдер ме?

№5 тапсырмадағы теңдеулерді 4 топқа бөліп беремін.

1-топ. 2-топ 3-топ

в+200=400-100 75+а= 800-700 с-40= 100-80

- Жарайсыңдар.Сендер орманда кездескен аңдардың барлығына да көмектесіп, өз қайырымдылықтарыңды көрсеттіңдер.

IV. Ой толғау

</ - Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді эссе түрінде параққа жазыңдар. Оқушыларға жазғандарын оқытамын.

- Осындай қайырымды ,қамқоршы бала болып өсіңдер.

V. Үйгетапсырма: №3 150- бет .Есепті қалай шығару керек екендігін түсіндіремін.



VI. Сабақ қабелсенді қатысқан оқушыларды бағалау.



«5» алған балаға - 5рет, «4»алған балаға 4 рет, «3» алған балаға - 3 рет қол шапалақта





























если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал