Тақырыбы: Ақпыз ,сары, қарамыз, Ағайынбыз бәріміз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Ақпыз, сары, қарамыз, Ағайынбыз бәріміз». Мақсаты: Көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиеленеді.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,көрсету.

Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суретті плакат, бүктеме суреттер, нақыл сөздер.

Барысы: Қызығушылықты ояту

-Балалар, мамыр айындағы алғашқы мереке қалай аталады?

-Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі.

-Олай болса, бірлікке, татулыққа бізде ұмтылайық.

Сіздермен бірге мына тренингті жүргізейік.

Дөңгелене шеңбер болып, қол ұстасып тұра қалайық. Бірімізге-біріміз «Мен сенімен дос боламын» - деп күлімсірейік. Орнымызға отырайық.

І. Қызығушылықты ояту

-Бірлігі жарасқан, ынтымақты халық болуымыз үшін бізге не қажет деп ойлайсыздар?

-Отан -Достық -Бейбітшілік

Мұғалім сөзі Әрбір адам үшін дүниедегі ең қасиетті де киелі ұғым - Отан. Шынында да солай. Константин Паустовскийдің өз сөзінде: «Адам жүрексіз өмір сүре алмайтынындай, еш уақытта Отансыз өмір сүре алмайды». Осы айтқандай адамның барлық тіршілік-тынысы өз Отанымен тікелей байланысты әрі сабақтас.

-Иә, бүгін біз үшін Отаннан артық ұлы ұғым жоқ. Елімізде мекендейтін барлық халық өкілдері ынтымақ пен достық туын жоғары ұстап келеді. Бейбітшілік - біздің басты ұранымыз әлемде бейбітшілікті сақтау адамның ең бірінші құқығы, өмір сүру құқығын сақтау деген сөз.

-Қазақстанда тұратын жүзден астам ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Мамыр - достық мерекесі. Бұл - еңбекшілердің халықтық мейрамы, бүкіл дүние жүзі жұмысшыларының ынтымақ күні.

Ырыс алды-ынтымақ, достық түбі-береке, мереке дейді.Мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бүкілхалықтық мейрам. Кең байтақ Отанымызда ынтымағы жарасқан жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері мекендейді. -Міне, мерекелі мамыр айы да келіп қалды. Мамыр айы - ерекше ай.

-Иә, бізің туған жеріміз Қазақстан кең байтақ. Бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады.-Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көкшіл туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Қазақстанның ынтымақ бірлігі үшін біз шаттанамыз.-Біздің сәби жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Бәріміз бейбітшіліктің туын жоғары ұстап болашаққа жол бастайықшы.-Әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегілер, аңыздар, салт-дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Әртүрлі халықтар әртүрлі ертегі айтады.Әртүрлі бесік жырын жырлайды. Дегенмен, бақыт, әділдік, бейбітшілік жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктіреді.-Еліміздің барлық жерінде қазақтар, орыстар, өзбектер, ұйғырлар, корейлер, татарлар, украйндар, шешендер, дұнғандар және басқа көптеген ұлттардың адамдары тату-тәтті өмір сүріп еңбек етеді. Бұл халықтар түріне, нәсіліне қарамастан теңдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің Отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, беделін үстем етіп келеді.-Қазақстан елінің көк байрағын әлем чемпионатында желбіреген Ольга Шешигина қазақ тілін ана тіліндей жетік меңгергендей Қазақстанның халық жазушысы Герольд Бергер, айтыс ақын Надежда Лушникованы мақтан тұтамыз.-Иә, кіндік қаны тамған жерінің қадірін түсініп, жергілікті ұлттың мәдениеті мен дәстүрін мойындап келген, қазақстандық бауырларымыз бүгінде қазақ тілін қазқа халқынан кем білмейді.-Кең пейілді қазақ халқының дархан даласын жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отанымыз» дейді.-Мұндай мақтаныш сезіммен айтылған жалынды сөз жанымызды жадыратады.-Жер шарында өмір сүретін халықтар алты құрлыққа бөлінген. Елдер тыныштықпен, бейбітшілікпен өмір сүргісі келеді. Ақпыз, қара, сарымыз,Ағайынбыз бәріміз.Достық тату өміргеДүние жүзі сенеді.Соғыс өртін өшіреБейбітшілік жеңеді.





Диана..Біз балдырған тең басқан, Дос құшағын елге ашқан Тілегіміз бейбіт күн, Ашық болсын кең аспан. Қарақат.Бақытты боп жүргенім, Сенің арқаң, Ұлы Отан. Елім менің тірегім, Құшағыңда гүл атам. Жанер: Күлімде, күн күлімде Күлсін барлық бала шат Берекелі бүгіндей Бейбіт болсын болашақ!

Елсияр: Шығысыңнан арайлы, Күліп атқан құба таң, Сенен бақыт тарайды, Баршамызға Ұлы Отан. А.Назерке: Отанды Жас, кәріміз де, Туған жер деп сүйеміз, Өйткені онда бәріміз де Туып, өмір сүреміз.: Ән: Біз дәуірдің түлегіміз. Әли:Достық деген ізгіліктің алаңы Оған куә ғасырлар мен замандар. Отанын да сатып кете алады Қиын шақта, досын сатқан адамдар. Аяжан: Ешбір дұшпан басынбаған елміз, Басынан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз. Дәм-тұзды ақтай білген елміз. Көрініс: «Рас екен мақалдар» 1. Досыңа өтірік айтпа, Дұшпаныңа сырыңды айтпа. 2. Мал көтерер өлімді, Дос көтерер көңілді. 3. Ағаш тамырымен, Адам досымен мықты. 4. Досы жоқ адам - тұзы жоқ тағам. 5. Достың ескісі, киімнің жаңасы жақсы .6. Жаңа дос жаныңда жүрсе,Ескі дос есіңде жүрсін. 7. Ескі дос келгенде, Жаңа достың көзінен жас шығады. 8. Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық. 9. Досыңмен дос болғанша шаттан, Дұшпаныңмен дос болғанна сақтан. 10. Асы көптің - тәні семіреді, Досы көптің - жаны семіреді. 11. Досың мың болса да аз,Дұшпаның біреу болса да көп. 12. Дос құшағы жаз. 13. Жаман туғаның болғаншаЖаман дос қосып айтар. 14. Жақсы дос ашып айтар,Жаман дос қосып айтар. Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе - оның басқа адамдармен достық қарым-қатынасы. Достық - өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, онан да зор қуаныш - сырыңды айтатын адамның болуы. Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да басқа игілікке түгел ие бола тұрса да дос-жарансыз өмірді қаламақ емес.





Би: Украин, қазақ билері орындалады.

Ән: «Ақ көгершін» хормен. Алыптар бас қосса,Халықтар достасса,Жеңіске жетеді.Жерде де ғарышта! Бәрі: Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз. Бексұлтан: Бейбітшілік ұранымыз, Достық, бірлік жыр-әніміз Таңғажайып Ұлы Отанда Тату-тәтті тұрамыз біз. Ән хормен: «Әрқашан күн сөнбесін»





















Тақырыбы: Ақпыз ,сары, қарамыз, Ағайынбыз бәрімізТақырыбы: Ақпыз ,сары, қарамыз, Ағайынбыз бәрімізТақырыбы: Ақпыз ,сары, қарамыз, Ағайынбыз бәріміз







если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал