Конспект урока Тәуелсіз елімнің ұланымын

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы:Тәуелсіз елімнің ұланымын!

Мақсаты:Оқушыларды Отанды сүюге ,елін,жерін қадірлеуге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге,бай-қуатты ел екендігің мақтан етуге,туған еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.Оқушы антын міндетті орындауға,қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: дәстүрлі .

Көрнекілігі: Рәміздер,оқушы анты.

Барысы:

Оқушыларды дайындау.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкелінсін!(салтанатты түрде мемлекеттік Туды алып кіреді,Сарыарқа күйі).

1.Қош келіпсіз,қымбатты қонақтар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Құшақ жая қарсы аламыз,сіздерді,

Біз алаңсыз,балғын шақты балалар- дей отырып 1-сынып оқушыларын қарсы алыңыздар!

Қымбатты балалар !Бүгін үлкен мереке,3 ай бұрын мектеп табалдырығын аттаған сәтте сендер ешқандай мектеп ережесін мен заңдарын білмейтін едіңдер!Ал қазір сендер мектеп тәртібін біліп,білім теңізіне алғашқы қадам жасадыңдар,алғаш рет қиындық дегеннің не екенін білдіңдер.Сендер мұғалімдеріңнің сөзіне құлақ салып,үй жұмысын мұқият орындап келуді үйреніңдер.Енді сендерді нағыз оүушы деп айтуға болады.Бүгін біз сендерді оқушы қатарына қосып,,жас ұлан ұйымына қабылдаймыз.

Сендер кімсіңдер?

Оқушы.

Оқушы болған соң оқушы міндеті болады.Неге міндеттіміз деп ойлайсыңдар?

Оқуға ,білім алуға,тәртіпті,таза жүруге.

Дұрыс айтасыңдар?Осының бәрін орындау міндеттерің.

Қазіргі кезде сендер ашық аспан ,тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар.Білім алу үшін сендерге мүмкіндік мол.

1.Біздің Отанымыз қалай аталады? ҚР.

Біздің Елбасымыз?(Н.Ә.Н).

Мемлекеттік рәміздерді атаңдар?(Ту,Елтаңба,Әнұран).

Оқушы міндетімен таныстыру.(тақтамен жұмыс).

Әрбір адам -өзін кез келген жағдайда өзін лайықты ұстауға,тегін білім алуға міндетті..Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,табиғатты сақтауға ,байлықтарын ұқыпты ұстауға міндетті.

Біздің ұранымыз!

Теңіздей білімді,

Жас қыран қалыспа!

Өзіңе сенер ел;

Қалықта,шарықта.

Оқушы антын жеке-жеке айтып шығу.

Хор:Қазақстан!

Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранымен айбатты-дегендей әнұран айтылады.(Галстук тағу рәсімі»!)

Құттықтау сөз!

Біз тәуелсіз қазақ елінің ең жақсы жас ұланымыз.Сондықтан өз жерімізді,өз елімізді,әкелеріміз бен аналарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге,қорғауға тиіс екенімізді естен шығармаймыз!

Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек-деген Абай тағылымына сай ,қиындықтан қорықпайтын қайратты,әлем тынысынан хабардар,терең білімді,туған елін,халқын сүйетін мейірімді азамат болыңдар!

Еліміз тыныш,Отанымыз гүлдене берсін!Қазақстан Туындағы қыран құстай самғай беріңдер.Еліміздің болашағы сендерсіңдер!Отанды,Елбасын құрметтеуге,Отанды сүюге,қорғауға әрқашанда дайын болыңдар!

Ақ жол тілейміз!Қымбатты балалар!Дендерің сау,оқуда озат оқушы болыңдар!

Қазақстан 2030- бағытымыз,

Саясатпен жақындап алысамыз.

Республикам елдердің алды болсын,

Әрқашан алға бассын бар еліміз-дей отырып бүгінгі 1-желтоқсан Президент күніне арналған «Тәуелсіз елімнің ұланымын» атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз!















если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал